Қызылорда облысының әкіміне енді Сүндет Байғожин кеңес береді
Опера әншісі Сүндет Байғожин Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Опера әншісі әкімге мәдениет саласында кеңесші болатыны хабарланып отыр. Ол сыр елінің өнерін, соның ішінде классикалық музыканы дамытуға ат салыспақ. Аймақтағы өнер иелері опера жұлдызының кеңесіне сүйене отырып, әлемдік сахналарды бағындыру үшін тәжірибе жинайды.
Сүндет Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында "Жеке ән айту" мамандығы бойынша білім алған ол қазір "Астана Опера" театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.