Оңдасын Оразалин бос жерлерді игере алмай отырған аудан әкіміне ескерту жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Ауданда 100 мың га жер игерілмей отыр

Ақтөбе облысының әкімі Алға ауданына жұмыс сапары барысында 100 мың га бос  жерлері   пайдаланусыз жатқандығы белгілі болды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аудан  әкімі жалға берілген жердерді  кәсіпкерлер уақытында тиімді пайдалана алмай, қазіргі таңда кері қайтару жұмыстары жүргізіліп отырғандығын жеткізді. Оңдасын Оразалин осы мәселеге қатысты аудан әкімі Мамырғали Аққағазовқа  сын- ескерту жасады.

«Жерді тиімді пайдалана білу керек. Белгілі болғандай 100 мың га жер игерілмей отыр. Алдағы жылы міндетті түрде мәселе шешілуі тиіс. Бұл ШҚ-на да қатысты. Жерді алған соң оны пайдаланбау жүмысты дұрыс ұйымдастыра алмағанды  білдіреді»,- деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аудан әкіміне ауылшаруашылық саласын дамытуды, бос жұмыс көздерін ашып  тұрғындарды жұмыспен қамту  мәселелерін шешуді тапсырды.