«Есірткімен ұсталды»: ҚТЖ полицияның мәлімдемесіне жауап берді

Автор: Асыл Арман

Күдікті наурыздың 14-і күні таңертең ұсталды

Фото: Видеодан скрин

Павлодар полициясы есірткі таратты деген күдікпен жергілікті тұрғынның ұсталғанын хабарлады. Ол ҚТЖ қызметкері болды деген болжам бар. Ұлттық компания құқық қорғау қызметкерлерінің мәлімдемесіне қатысты ресми жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Наурыздың 14-і күні таңертең полицейлер есірткі мен қару сақтаған екі павлодарлықтың ұсталғанын хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олардың бірі – ҚТЖ-ның қазіргі қызметкері.

Алайда ұлттық компания бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Есірткі сатқаны үшін ұсталған Павлодар қаласының тұрғыны «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС қызметкері емес», - деп жауап берді ҚТЖ баспасөз қызметі агенттік тілшісінің сауалына.