Сириядағы қақтығыста қазақстандық бітімгерлер базаны құтқарып қалды
Голан жоталарындағы бір жыл: Қазақстанның бітімгерлері бүгінге дейін қандай тапсырмаларды орындады

Қазақстандық бітімгерлердің Голан жоталарына аттанғанына тура бір жыл болды. Отандастарымыздың қауіпті аймақта бүгінге дейін қандай тапсырмаларды орындағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстанның ұлттық бітімгерлік контингенті Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аумақты бақылау күштері құрамында міндеттерді орындауға Сирия Араб Республикасына жіберілді. Бұл миссия Қазақстан Республикасы бітімгерлерінің алғашқы дербес операциясы болды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, фауар базасындағы миссияны орындау кезінде бітімгерлік контингент 557 тапсырма орындады. Оның ішінде Израиль мен Сирия арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнің сақталуын қадағалау, жауапкершілік аймағындағы бітімгерлік базаларынан әскери персоналды эвакуациялау, бақылаудағы аумақты мобильді патрульдеу, жарылмаған оқ-дәрілерді жою мен басқа да жарылғыш заттардан тазарту, БҰҰ-ның персоналы мен жоғары лауазымды тұлғаларын жауапкершілік аймағында және БҰҰ-ның оның шектеулі аумақтарында алып жүру кірді.
«Қазақстандық бітімгерлердің Сириядағы шиеленіскен жағдайда өздерінің алғашқы дербес миссиясын орындағаны ерекше маңызды. Жауапкершілік аймағында шиеленіс артқан кезде Қазақстан контингенті көтерілісшілердің оны басып алуына жол бермей, базаны берік ұстауда шешуші рөл атқарды.
Жедел әрекет ету тобы БҰҰ басшылығы мер қызметкерлерін Дамаскіден «Фауар» базасына үш рет эвакуациялап, персоналдың қауіпсіздігін және БҰҰ мүлкінің сақталуын қамтамасыз етті.
Біріккен Ұлттар ұйымының басшылығы қазақстандық бітімгерлердің көрсеткен батылдығы мен табандылығын жоғары бағалады», - делінген хабарламада.