Петропавлда пойыз қағып кеткен адам көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Оқиға 13 наурыз күні кешкі уақытта болды

Фото: pixabay.com

Петропавлда пойыз қаққан адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Social Media мәліметіне жүгінсек, қайғылы оқиға 13 наурыз күні кешке Жұмысшылар поселкесінде болған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Агенттікке берген түсініктемесінде Петропавл стансасындағы желілік полиция бөлімі бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

«Аталған фактіге байланысты Петропавл стансасының желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ПД.