14.03.2025, 11:08
Жаңалықтар
Африка елдерінің 30-ға жуық азаматы Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталды
Полиция департаменті мәлімдеме жасады
Фото: Алматы қаласы ПД
Алматыдағы зауыттардың бірінде Африка елдерінің ондаған азаматы заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті рейдтер барысында 29 еңбек мигранттары анықталды.
«Олардың 25-і қаладағы құрылыс нысандарында жұмыс істесе, тағы төртеуі зауытта жалпы еңбек міндеттерін атқарды. Тағы екі шетелдік заңсыз жолаушылар тасымалдап, «такси» болып жұмыс істегенін айта кеткен жөн. Бұл келімсектердің барлығы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды», - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Алматы полициясы көші-қон ережелерін сақтау елдегі құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі екенін еске салады.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді