Видеоролик авторлары жауапкершілікке тартылды
Семейде әзіл ретінде көпірде түсірілген видео жастардың айыппұл арқалауына себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
25 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы контентке ерекше әсер қосқысы келгенімен, қауіпсіздік ережелерін елемей, қозғалыс кезінде олар қауіпсіздік белдігін тақпаған.
«Полиция қызметкерлері видеожазбадағы адамдардың жеке басын жылдам анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жастар өз кінәсін мойындап, жазамен келісті», - делінген облыстық ПД хабарламасында.