Павлодар қаласында жарты күн жарық болмайды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Электр мамандары осыған қатысты мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Павлодар қаласы мен оның маңындағы ауылдарда жарты күн жарық болмайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnew.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 наурыз күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Мәшһүр Жүсіп көшесі, 346, 348, 350, 354/1;
  • Теплов көшесі, 14А, 17
  • Гагарин – Кошевой – Амангелді – Орджоникидзе көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
  • Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 108, 128, 400, 498, 522, 594;
  • Орталық өнеркәсіптік аймақ, 89;
  • Березовая көшесі, 10, 224;
  • 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы, 7-ші, 8-ші Жаңаауыл көшелері бойындағы тұрғын үйлер.