Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей ұшатын тағы бір әуе рейсі ашылды

Автор: Асыл Арман

Екі ел арасындағы ұшақ 29 мамырдан бастап қатынайды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе рейсі ашылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы «Шымкент – Сеул» бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.

«Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр», - делінген хабарламада.