Түркістанда 22 адамның сушиден улануы: полиция қылмыстық іс қозғады

Автор: Асыл Арман

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі қаладағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында 22 адамның сушиден улану оқиғасына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі қаладағы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Түркістан қаласындағы адамдардың улану фактісі бойынша полиция ҚР ҚК-нің 304-бабы «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тергеу жүргізуде. Сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жалғасуда. Олардың нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады», - делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, Түркістан қаласында 22 адам сушиден уланып, ауруханаға түсіп қалғаны туралы хабарлама тараған болатын.