Олар жол ережесін бұзып, айналасына қауіп төндірді
Шымкентте жол ережесін өрескел түрде бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, түнгі уақытта қала көшелерінде жүйткіп, жол қозғалысына қауіп төндірген 18-20 жас аралығындағы жасөспірімдердің әрекеті камераларға түсіп қалған.
Құқық бұзушыларды ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берілді.
«Жастар ӘҚБтК-нің алты бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Қолданыс талаптарына сай келмейтін көлік құралдары айып тұрағына жеткізілді.
Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз. Сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда», - делінген хабарламада.