Оқиға жаттығу барысында, тауға өрлеп бара жатқанда болды
Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Жалоловты бапкері шыбықпен айдап жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода боксшы әріптестерінің бірін көтеріп, тауға қарай өрлеп бара жатқанын, ал бапкері артынан жылдамдатуды бұйырып, шыбықпен салып қалды.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.
«Бапкері жақсы көрсе, шәкіртін ұрады», «Бапкердің ұруға құқығы бар», «Ол Олимпиаданың екі дүркін чемпионы ғой», «Жаттығуға кешігудің салдары осындай болады», «Не істегенін, неден қателескенін білмейді», «Бапкерлерге қойылатын жоғары талап – дүние жүзіне абсолютті чемпион шығару», - деп жазды желі қолданушылары.