Шығыста – қарлы боран, оңтүстікте – 20 градус жылы: синоптиктер болжамы жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, қар жауып, боран соғады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысында ауа температурасы 15-20°С дейін жылынады деп күтіліп отыр.

Тараз қаласында, Жамбыл облысында тұман түсіп, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Семей, Өскемен қалаларында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, бұрқасын соғып, боран болады.

Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Жетісу облыстарында ауа температурасы 5-10°С дейін көтерілуі мүмкін.