Саясаттанушы кеңес үкіметінің ұжымдастыруы қазақ даласына аштық әкелген «саналы шара» болған дейді
Саясаттанушы Досым Сәтпаев саяси қуған-сүргін және ашаршылық құрандарын еске отырып, ашаршылықты геноцид деп жариялайтын уақыт әлдеқашан келген дейді. Досым Сәтпаев «қаншама қазақ біреуін атып, біреуін жер аударып, біреуін аштыққа байлаған бір жүйенің құрбаны болды» дейдіген ойын айтты.
«Кеше Қ.Тоқаев (Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев - агенттік) саяси репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды ұсынды. Алайда, бұл аз. Біздің билік 30-шы жылдардағы жаппай ашаршылықты геноцид деп қабылдау туралы мәселені тағы да қозғай алмай отыр. Бірақ, геноцид қылмысын ескерту және оның жазасы туралы 1948 жылғы Конвенцияда жазылғандай, «саналы түрде қандай да бір жағдай арқылы (бір топ адамның күнкөріс көзі болып отырған қызметпен айналысуына тыйым салу) адамдардың жаппай өлімінен қаша алмайтын шараларға бару» геноцид болып есептеледі», - деп жазады ол.
Саясаттанушы өз жазбасында кеңес үкіметінің жасағын ұжымдастыруы қазақ даласының көшпелі салтына тыйым салғанын, күнкөрісінен айыра отырып, адамдарды жаппай аштыққа душар еткенін сынап, оған тарихи дәлелдер де ұсынған.
«Осы жағдайларды ескере отырып, әділдік орнату үшін президент ең алдымен ашаршылықты геноцид деп қабылдауы керек. Екіншіден, тарихшылардың қатысуымен мемлекеттік деңгейде аштық құрбандарының ұлттық базасын жасау жөнінде жұмыс басталуы керек. Үшіншіден, саяси репрессия және ашаршылық құрбандарын еске алу күні жыл сайын ел бойынша миллиондаған адамның рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялау керек», - деп жазады Досым Сәтбаев.
Оқи отырыңыз: «Аштық жайлаған дала»: Досым Сәтпаев қоры Қазақстандағы ашаршылық жылдары туралы кітап шығарады
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Досым Сәтпаевтың «Аштық жайлаған дала. Ашаршылық, озбырлық және Кеңестік Қазақстанды орнату» (The Hungry Steppe. Famine violence, and the making of Soviet Kazakhstan) атты кітабы жарыққа шыққан.