Семейде апаттан мектеп пен бірнеше үй сусыз қалды

Автор: Асыл Арман

Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: istockphoto.com

Семейде 11 наурыз күні таңертең Комбинатская көшесінде су құбырында апат болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комбинатская көшесі, 11 мекенжайындағы диаметрі 200 мм құбырда апатты жағдай болды.

Оқиға салдарынан №26 мектеп ғимараты, №8а, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 үйлер, сондай-ақ жеке сектор сусыз қалды.

«Семей су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.