Алматыда көпқабатты үйдің жанынан әйел адамның мәйіті табылды

Автор: Асыл Арман

Оқиға Алматының Бостандық ауданында болды

Фото: istockphoto.com

Алматыда 11 наурыз күні таңертең көпқабатты үйлердің бірінің жанынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматының Бостандық ауданындағы «Comfort City» тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан әйел адам құлап кеткен деген болжам бар.

Полицейлер марқұмның жеке басын, жасын, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Бостандық аудандық полиция бөлімі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп жауап берді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.