Ақтауда көпқабатты үйде шыққан өртті тұрғындар құтқарушылар келгенше сөндіріп үлгерген

Автор: Мөлдір Қазыбай

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді

Фото: Lada.kz

Ақтауда тұрғын үйде шыққан өртті тұрғындар құтқарушылар келгенше сөндіріп үлгерген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 10 наурызда сағат 16:33-те өрт сөндіру бөліміне 32А ықшам ауданындағы №19 ғимараттағы пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Келген бойда үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінің балконында тұрмыстық заттар өртенгені анықталды. 1 шаршы метр аумақта өрт бөлімше жеткенше сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады департамент.