Астана әуежайы рейстердің кешігуі туралы мәлімдеме жасады

Автор: Дәулет Ботагөз

84 рейстің алтауы кешіктіріліп жатыр

Фото: © istockphoto.com

Астанадағы халықаралық әуежайда қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейстің ұшуы мен қонуы кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бүгінгі таңда әуежайдан ұшу кестесінде жоспарланған 84 рейстің алтауы кешіктіріліп отыр. Бұған ұшақтардың кеш келуі себеп болған. Сондай-ақ, 86 рейстің сегізі қону кестесінен кешігіп жатыр.

«Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұшу-қону жолағы мен әуежай перроны тұрақты түрде қардан тазартылып жатыр. Бұл жұмыстарға 23 бірлік арнайы техника жұмылдырылған», — делінген хабарламада.

Жолаушылар рейстердің мәртебесі мен кестедегі өзгерістер туралы келесі ақпарат көздерінен біле алады:

  • Әуе компанияларынан;
  • Әуежайдың ресми сайтынан: www.nn-airport.kz;
  • Тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы: 8 (7172) 702-999.