«Қыздан туған бала — немере емес»: Жанар Айжанова немере мен жиен ұғымы туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында бұл ұғыммен келіспейтінін айтты

Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында «қыздан туған бала немере болмайды» деген түсінікке қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қыздан туған бала немере емес дейді. Ол қалай сонда? Қыздан туған бала немере болмайды дегенге келіспеймін. Немеренің екі атасы, екі әжесі болады: нағашы атасы мен нағашы әжесі және өз атасы мен әжесі. Қалған нағашыларына жиен болады. Бірақ тұқым негізі қыздан тарайды. Ол өзінің туған атасы мен әжесімен қатарласып, құрдасындай ойнап өсуі керек. Ал нағашы атасы мен әжесімен олай еркін ойнай алмайды», – деді ол.

Жанар Айжанова қазақ қоғамындағы «жиен» және «немере» ұғымдарына қатысты жиі айтылатын пікірлерге өз көзқарасын білдіріп, қыз баладан тараған ұрпақтың да ата жұртымен тең дәрежеде байланысы болу керектігін алға тартты.