Ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Жол қозғалысына шектеу енгізілген өңірлер:
- Абай облысы: Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы тасжолы (75-187 км, Үржар – ҚХР шекарасы).
- Ақмола облысы: бірнеше бағыттағы жолдар жабық, оның ішінде Астана – Петропавл, Астана – Атбасар және Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолдарының кей учаскелері.
- Алматы облысы: «Алма-Тау» демалыс базасына апаратын жол (0-15 км, Түзбастау – Бесқайнар).
- Қостанай облысы: Жезқазған – Арқалық – Петропавл тасжолында бірнеше учаске жабық.
- Солтүстік Қазақстан облысы: Жезқазған – Арқалық – Петропавл тасжолы (595-671 км, Ақмола облысы шекарасы – Тоқсан би ауылы).
- Ұлытау облысы: Жезқазған – Арқалық – Петропавл тасжолы (137-252 км, Ұлытау – Қостанай облысы шекарасы).
- Қарағанды облысы: Астана – Қарағанды – Алматы автожолында (1353-1426 км, Ақмола облысы шекарасы – Теміртау).
Жолдарды күтіп-ұстауға 310 арнайы техника мен 421 маман жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерге алыс сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамын қадағалауды және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.