09.03.2025, 23:53
Жаңалықтар
Ұлытау облысында қақаған аязда бірнеше адам айдалада қалып қалды
Оқиға Жезқазғанға 25 шақырым жерде болды
Фото: istockphoto.com
Ұлытау облысында қақаған аязда үш адам көлігі бұзылып, айдалада қалып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ құтқарушылары 3 адамды құтқарып эвакуациялады.
Оқиға Жезқазған қаласының 25 шақырымында Талап ауылының маңында болды. Олар көлігі бұзылып, далада қалған. Жүргізуші құтқарушыладың көмегіне жүгінді.
«ТЖМ қызметкерлері Жезқазған қаласына 3 адамды эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ сапар алдында көліктің техникалық жағдайын тексерудің маңыздылығын еске салады», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
10.01.2026, 12:46
«Автобустарды шатастырған»: Астанада 9 жасар бала адасып кетті
10.01.2026, 13:23
Маңғыстау облысында атыс болып, екі адам ұсталды
10.01.2026, 23:49
Қазақстандық блогер Уилл Смитке шапан жапты
10.01.2026, 14:58
Теміртауда автобустағы жанжал адам өлімімен аяқталды