Қазақстанға Италия президенті келді

Автор: Дәулет Ботагөз

Оны Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды

Фото: Ақорда

Италия президенті Серджио Маттареллу ресми сапармен Астанаға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Италия президентінің борты елорда әуежайына қонды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджио Маттареллуды күтіп алды. Одан кейін екі ел басшысы келіссөздер залына кетті. 

«Бұған дейін екі президент Римда 2024 жылғы қаңтарда кездескен еді», - деп жазылған хабарламада.