Ол оқушыға қырындағаны үшін небәрі 5 тәулікке қамауға алынды
Ташкентте 30 жастағы мұғалім мектеп оқушысына үйленбек болғаны анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Nemolchi.uz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Мұғалім оқушы қыз балаға қырындағаны үшін небәрі 5 тәулік әкімшілік қамауға алынған.
Оқиға 2025 жылдың 23 қаңтарында болған, 30 жастағы мұғалім бұрынғы оқушысын досымен бірге көшеде келе жатқанын көрген. Ол кәмелетке толмаған қыздың жолын бөгеп, балағаттап, телефонын алып, лақтырып жіберген, содан кейін күштеп көлігіне отырғызған.
Сотта ер адам қыз баланы жақсы көретінін, оған үйленетінін айтып, тіпті айттыру үшін үйіне адамдар жіберген. Іс қозғалған кезде қыз кәмелеттік жасқа толмаған. Сотта оның мүддесін анасы қорғап, бұл айыпталушының қырындауы алғаш рет болып тұрмағанын айтты.