Дағыстан мен Шешенстанда Telegram желісі бұғатталды
Дағыстан Республикасының цифрлық даму министрі мұндай шешімге түсініктеме берді

Telegram мессенджері құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша Дағыстан мен Шешенстанда (Солтүстік Кавказ федералды округі) бұғатталды, енді жұмыс істемейді. Бұл туралы Azattyq Rýhyагенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Дағыстан Республикасының цифрлық даму министрі Юрий Гамзатовтың мұндай шешімге түсініктеме берді.
«Солтүстік Кавказ федералды округінің екі аймағында – Шешенстан мен Дағыстанда Telegram-ды бұғаттау туралы шешім федералды деңгейде құқық қорғау органдарының ұсынысы негізінде қабылданды. Бұған Махачкала әуежайындағы тәртіпсіздіктер себеп», - деді ол.
Telegram мессенджерінің жұмысындағы ақаулар 2024 жылдан бері Солтүстік Кавказдың бірқатар аймағында байқалған. Гамзатов танымал мессенджердің аналогтарын пайдалануды ұсынды.