Синоптиктер болжамы жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, қар жауып, көктайғақ болатыны, сол сияқты бұрқасын болады деп болжап отыр. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түседі.
Қызылорда облысында тұман, көктайғақ, жел болады.
Қостанай, Ұлытау облыстарында қар жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күшейеді.
Алматы облысында жауын-шашын жауады.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында бұрқасын, жауын-шашын, көктайғақ, жел болады.
Түркістан облысында жауын-шашын, тұман, жел күтіледі.
Ақмола облысында тұман, бұрқасын, жел күтіледі.