Олимпиадада жеңіліске ұшыраған дзюдошы Әбиба Әбужақынова алтын алды (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Әбиба Әбужақынова Аустриядағы Гран-при жарысының чемпионы атанды 

Фото: ҰОК

48 келі салмақ дәрежесінде финалға шыққан отандасымыз жапониялық Сачиё Йошиноны жеңіп, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Әбиба Әбужақынова жартылай финалда нидерландтық спортшы Амбер Гершесті жеңді. Ширек финалда америкалық Мария Селия Лабордадан басым түсті, ал жарыс басталғанда жапониялық Харада Мидзукигені жеңген еді», – делінген хабарламада.