Атырау облысындағы кен орнында жарылыс болды

Автор: Дәуренқызы Алма

Западная Прорва кен орнында газ тараған

Фото: istockphoto.com

2025 жылдың 6 наурызында «Ембімұнайгаз» (ЕМГ) АҚ «Жылыоймұнайгаз» басқармасына қарасты №437 ұңғыда құбырды түсіру кезінде ол тесіліп, салдарынан кенеттен газ жарылып, құбыр ұшып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның мәліметінше, жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына ЕМГ жедел штабы келіп, қауіпсіздік шараларын қолға алды. Ұңғыма маңайы қоршауға алынып, қалпына келтіру жұмыстары басталды.