Осыған дейін Қайрат Нұртастың анасы келініне қатысты сынға жауап берген
Әнші Қайрат Нұртастың ұлдары мен қыздары ата-әжесімен кездескені туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода әншінің балалары ата-әжесі – Нұртас Айдарбековпен және Гүлзира Айдарбековамен кездескенін, алайда араларында келіні Жұлдыз Әбдікәрімова жоқ екенін байқауға болады.
«Жұлдыз балаларына дұрыс тәрбие бергені көрініп тұр. Жарайсың Жұлдыз», «Араларында Жұлдыз неге жоқ?», «Осы шаңыраққа отбасы бақыты бұйырсын!», «Көптен күттім, көзіме жас келді, осы өмір немеремен тәтті», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова келініне қатысты сынға жауап бергені хабарланған болатын.