Оқиға бүгін таңертең болды
Астанада 6 наурыз күні таңертең Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға бүгін таңертең Астанадағы Бейсекбаев – Кенесары қиылысында болды. Жасөспірім ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
«Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жетті, бірақ көрсетілген көмекке қарамастан, биологиялық өлім тіркелді», - деп хабарлады елорданың денсаулық сақтау басқармасы.
Толық мәлімет алу үшін Астана полиция департаментіне сауал жолдадық.