Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ
Астанада көлігіне жанармай құйып тұрған ер адам оттығын бензинге қойып, әдейі өрт шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Тәуелсіздік пен Момышұлы даңғылдарының қиылысында болды. Оның видеосы «Astana_sergek.kz» Instagram парақшасында жарияланды.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Жанармай бекетінің қызметкерлері өртті жылдам сөндіріп үлгерді.