«Мектептепті террористер басып алды»: 5 сынып оқушысының әзілі 20 миллион теңге айыппұлға әкелді
Мұндай әрекетке барғандар бас бостандығынан да айырылуы мүмкін
Қостанайда 5-сынып оқушысының мектепке жасалған террорлық шабуыл туралы жалған хабарламасы ата-анасы үшін ауыр зардаптарға әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
4 наурыз күні полицияға мектеп оқушысынан қоңырау түсті. Ол қалалық мектептердің бірін террористер басып алғанын хабарлаған.
- Дереу оқиға орнына:
- Полиция қызметкерлері,
- Құтқарушылар,
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері жұмылдырылды.
Алайда тексеру кезінде қауіп расталмады, жарылғыш заттар мен күдікті адамдар табылған жоқ.
Полицейлер қоңырау шалушының жеке басын анықтады – ол сол мектептің 5-сынып оқушысы болып шықты.
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңға сәйкес, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылады.
Полиция терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін:
- Бес мың АЕК-ке дейінгі айыппұл (19,6 млн теңге),
- Түзеу жұмыстары,
- Бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.
Бұл қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік көзделген.