«Мен ең болмағанда…» трендінің кезекті нұсқасы шықты
Анасы тренд түсіру барысында туған қызының әкесі жоқтығын бетіне басып, баланы жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен ең болмағанда сен сияқты әкесіз өскен жоқ едім. Бұрында әкем бар еді. Ал сенің әкең жоқ», – деп тілін көрсетті анасы камераға.
Одан қалыспаған қызы да жауап қатты.
«Менің әкем өліп қалған жоқ, әйтеуір», – деді қыз.
Анасынан сөзден жеңілмей жауап бергеніне қарамастан, қызы кейін жылап қалды.
«Анасының миы жоқ», «Адам жынды болса қиын ғой», «Масқара, баланың көңіліне қарамай ма?», – деп жазды желі қолданушылары.