Талдықорғанда 30-дан асқан зіңгіттей еркек анасын соққыға жыққаны үшін небәрі 10 күнге қамалды

Автор: Асыл Арман

Былтыр 161 адам ұрып-соғу бойынша қамауға алынған

Көрнекі фото: istockphoto.com

Талдықорғанда анасын аяусыз ұрып, соққыға жыққан ер адам он-ақ күнге қамалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық соттың үкімімен 33 жастағы қала тұрғыны өз анасына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша 10 күнге қамауға алынды.

«Оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің (Ұрып-соғу) 109-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес сараланды. Жәбірленуші сотта отбасылық жанжал кезінде ұлының оны бірнеше рет ұрғанын айтты.

Айта кету керек, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер мен толықтыруларға сәйкес бұл бап әкімшілік құқық бұзушылықтар санатынан қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына ауыстырылып, жазаны қатайтуға мүмкіндік берді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Статистикаға сәйкес, тек 2024 жылы ҚР ҚК-нің 109-1-бабына сәйкес 161 адам, ал 2025 жылдың өткен мерзімінде 31 адам жауапқа тартылған.