Спортшы денсаулық жағдайына байланысты жекпе-жекке шықпаған
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 28 ақпанда Астанада өтуі тиіс жекпе-жегінің тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Соңғы сәтке дейін жекпе-жегім туралы ешқандай түсініктеме берген жоқпын, себебі қарсыласым кім болатыны белгісіз болды. Олар жекпе-жекті жоспарлаған еді, мен де рингке шығуға дайын едім. Алайда АҚШ-та шамамен 20 күн болуға мәжбүр болдым. Ұзақ жолдан кейінгі уақыт айырмашылығына бейімделу және қалпына келу үшін жекпе-жекті кейінге қалдырған дұрыс деп шештім», – деп жазды Елеусінов Instagram парақшасында.
Еске салайық, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі – қазақстандық Әли Ахмедов пен поляк Мацей Сулецки арасындағы WBC Silver белбеуі үшін кездесу болды. Бұл жекпе-жекте Ахмедов оныншы раундта нокаутпен жеңілді.