Былтыр блогер Стефания есімді қызбен шаңырақ көтерді
Өзге ұлт өкілі болғандықтан, біраз сынға ұшыраған Стефания ислам дінін қабылдап қана қоймай, қазақ тілін үйреніп жүр екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жақында жарияланған видеода блогер Әлихан Байзақов жұбайы Стефанияға қазақша сөздерді айтып, аударып беруін сұрады. Кәріс қызының әлі де болса көп сөзді білмейтіні байқалады.
Дегенмен екі жастың талпынысына риза болған оқырмандары қолдау білдіріп, алдағы уақытта қазақ тілін емін-еркін меңгеріп кететініне сенімді.