Куәгерлердің айтуынша, жол апатына көктайғақ себеп болуы мүмкін
Алматының Бостандық ауданында алты көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, бірақ көліктерге зақым келген. Қазір жол апатының нақты себептері анықталып жатыр.
«Жол-көлік оқиғасы 3 наурыз күні сағат 15:00-де Бостандық ауданындағы Нұр-Алатау шағын ауданында, Садықов көшесінде болды. Алты көлік соқтығысты. Бостандық аудандық полиция басқармасы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр», – деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.