Олар енді 14 күн емес, 10 күн үйде бақылауда болады
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн-брифинг барысында симптомсыз науқастар емдеуге жатқызылмайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бұл санаттағы адамдарда вирус белгілері әлсіз және басқаларға қаупі де аз. Осыған байланысты біз симптомсыз адамдарға қатысты тактиканы өзгерттік. Кеше біз біріккен комиссияда, барлық ғалыммен талқылай отырып, осы санаттағы адамдарды ауруханаға жатқызбау туралы шешімге келдік»,- деді Елжан Біртанов.
Оның айтуынша, ауру белгілері жоқ науқастар енді 14 күннің орнына үйде тек 10 күн бақылауда болады.