Тергеушілер мен прокуратура іс квалификациясын бірнеше рет өзгерткен
Ертең Ақтөбе қаласындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алғашқы сот отырысы өтеді. Істі судья Ж.Бекенова жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қопа ауылында 14 жастағы Сыдық Нұржанды жоғары сынып оқушылары соққыға жыққан. Марқұмның апасының айтуынша, оқиға кезінде 18 адам болған, ал шабуыл жасағандар арасында спортшылар мен спорт шеберлігіне үміткерлер де бар. Бір оқушы жедел жәрдем шақырғанымен, Нұржанның анасы оны оқиға орнында өлі күйінде тапқан.
Қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің айтуынша, тергеушілер мен прокуратура істің саралануын бірнеше рет өзгерткен:
Айыпталушылар қатарында 18 адам бар:
Сонымен қатар жеті 9-сынып оқушысы мен бес 10-сынып оқушысы да жәбір көргені анықталды.