03.03.2025, 06:40
Жаңалықтар
Қостанай орталығында ішіп алған әйел жұрттың берекетін алды (ВИДЕО)
Ол көліктің үстіне шығып, әдепсіз қылық көрсеткен
Фото: видеодан кадр
Қостанайдағы орталық базар маңында мас әйел оғаш әрекеттерімен жұрттың назарын аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ТоболИнфо» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, 39 жастағы әйел қатты айқайлап, балағат сөздер айтып, жол жиегіне шыққан. Кейін тоқтап тұрған көліктің үстіне шығып кеткен. Көлік иесі оны шатырдан түсірген соң, көп ұзамай оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, әйел орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Оған қатысты екі әкімшілік іс қозғалды:
- Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін,
- Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін.
Құқық қорғау органдары әйелді сауықтыру орталығына жеткізді.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады