Қазақстандағы мұнай кен орындарын ашушы Олег Герштанский өмірден өтті

Автор: Дәуренқызы Алма

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы Олег Герштанский 75 жасында қайтыс болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Олег Герштанский – Маңғыстау облысындағы мұнай кен орындары мен емдік минералды сулар кен орнын ашушылардың бірі. Ол 1978 жылдан бастап өмірінің соңына дейін мұнай-газ саласында түрлі басшылық қызметтер атқарды.

Герштанский Қазақстан мұнай-геологтар қоғамының мүшесі, Министрлік жанындағы Көмірсутегі кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның мүшесіболды. Сондай-ақ KAZENERGY қауымдастығымен белсенді жұмыс істеп, 10-ға жуық ғылыми мақала мен 5 монографияның авторы атанды.

Энергетика министрлігі оның жоғары кәсібилігін, адамгершілігін және өз ісіне берілгендігін атап өтті.