Отандық жедел жәрдем көлігіне Ақтаудағы ұшақ апатында мерт болған бортсеріктің есімі берілді

Автор: Дәуренқызы Алма

Елімізде заманға сай құрылғылармен саймандалған жедел жәрдем көлігі жасалынды

Фото: видеодан кадр

Аталмыш көлік құралына Ақтаудағы ұшақ апатында өзінің өлім құшатынын біле тұра жолаушыларды аман алып қалуға тырысқан Хокума Алиева есімді бортсеріктіктің аты берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлікті құрастырған кәсіпкер қайсар мінезді аруды тек әзербайжандықтардың ғана емес, күллі түркі әлемінің батыр қызы екенін де тілге тиек етті. 

«Кемені қалай атасаң, солай жүзеді» демекші, аталмыш жобаның да халыққа пайдасын тигізсін деген ниетпен «Хокума» деп аталуы бекер емес», – делінген видеода.