Құтқарушылар 9-қабаттан 5-қабатқа арқанмен түсіп, сәбиді аман алып қалды
Астанада құтқарушылар үш жасар қызды құтқарып қалды. Оқиға Тұран даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Кішкентай қыз пәтерде жалғыз қалып қойған. Анасы дәлізге шыққан кезде, есік іштен жабылып қалған. Ол құтқарушыларға хабарласып, жедел көмек сұраған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы альпинистік снаряжение көмегімен 9-қабаттан 5-қабатқа арқанмен түсіп, пәтердің терезесінен ішке кірді.
Құтқарушылар есікті іштен ашып, сәбиді аман-есен анасына тапсырды.