Қазақстанның су добынан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Спортшыларымыз үшінші орын үшін матчта Өзбекстанды сенімді түрде жеңді

Фото: kazsport.kz

Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытайдың Чжаоцин қаласында өткен Азия чемпионатындақола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Metaratings-ке сілтеме жасап.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 13:6 есебімен жеңді.

Азия чемпионатында ұлттық құрама бес матч өткізді:

Жеңістер:

  • Сингапур – 12:6
  • Гонконг – 25:6
  • Өзбекстан – 13:6

Жеңілістер:

  • Қытай – 6:21
  • Жапония – 7:26

Турнирдегі сәтті ойындарға қарамастан, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Сингапурда өтетін әлемдік додаға тек финалға шыққан Қытай мен Жапония жолдама алды.