Оның көлігі коммуналдық тұраққа қойылды
Астанада Toyota көлігінің 21 жастағы жүргізушісі жол ережелерін өрескел бұзып, қозғалысқа қауіп төндіргені үшін ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол қозғалысын бақылайтын полицейлер әлеуметтік желілердегі бейнематериалдарды сараптау барысында жүргізушінің заң бұзғанын анықтады. Ол мемлекеттік нөмірлерін шешіп тастап, бір кеште бірнеше рет бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жаяу жүргіншілерге жол бермеген және жол белгілерін елемеген.
«Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жастағы жүргізуші анықталып, бірден 12 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жауапқа тартылды. Оның көлігі коммуналдық айып тұрағына қойылды», – делінген полиция хабарламасында.