Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Дәулет Ботагөз

Сарапшылар қала тұрғындарына далада ұзақ уақыт жүрмеуді ұсынды

Фото: © istockphoto.com

2 наурызда Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдайлар болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында ауа сапасы төмендейді.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде зиянды заттар ауа қабатында жинақталып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Сарапшылар қала тұрғындарына далада ұзақ уақыт жүрмеуді, мүмкіндігінше қорғаныс құралдарын қолдануды және үй-жайларды жиі желдетуді ұсынды.