Илон Масктың он төртінші баласы дүниеге келді

Автор: Дәулет Ботагөз

Баланың аты Селдон Ликург деп қойылды

Фото: @elonrmuskk

Neuralink компаниясының топ-менеджері Шивон Зилис миллиардер Илон Масктан төртінші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Шивон Зилис бұл туралы өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында хабарлады. Ол ұлының атын Селдон Ликург деп қойғандарын айтты.

«Бұл туралы Илонамен сөйлестік және сүйкімді Аркадияның туған күнін атап өтіп жатқанда, біздің керемет әрі ерекше ұлымыз – Селдон Ликург туралы да ашық айтуды жөн көрдік», – деп жазды Зилис.

Бұған дейін бұл жұп үшінші балаларының жынысы мен есімін жарияламаған еді. Маск Зилистің жазбасына жүрек эмодзисін қалдырып, қуанышын білдірді.

Кейбір дереккөздерге сүйенсек, бұл – Масктың 14-баласы болуы мүмкін. Ол бұған дейін жұбайы Жюстин Уилсоннан, әнші Граймстан және Neuralink топ-менеджері Шивон Зилистен бірнеше бала сүйген.

Маск өзінің жоғары туу көрсеткішін қолдайтынын және адамзаттың демографиялық дағдарысты болдырмауы үшін көпбалалы болуды құптайтынын бірнеше рет айтқан еді.