Атышулы танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің былтыр ажырасып кеткен жұбайы, блогер Фариза Алмазқызына жазған хаты жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Блогер желідегі парақшасында экс-күйеуінің жазған хатын жариялады.
«Өзің жүрген жоқсың ба, не үйің жоқ, не күйің жоқ, әке-шешеңмен бірге. Қой, мені өзіңмен салыстырма. Менің үйім бар, 100 млн теңге», - делінген хаттың мәтінінде.
Экс-ерлі-зайыпты түнгі 03:43-те хат жазысқанын байқауға болады.
Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелімен қайта табысқысы келетінін айтып, кешірім сұрамақ болып хабарласқаны жөнінде хабарланған болатын