«Өзім киіндіремін»: Сәкен Майғазиев пен Мадина Сәдуақасованың әрекеті жұртты ұялтты (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев пен Мадина Сәдуақасованың түсірген видеосы жұртты ұялтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоны Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында жариялады.

«Өзім киіндіремін», - дейді Сәкен Майғазиев.

Видеода көрініс тапқан Мейрамбек Бесбаевтың «Бір қолы менікі, бір қолы сенікі» дегенін де естуге болады.

Өнер жұлдыздарының бұл әрекетін желі қолданушыларының бірі әзілге баласа, енді бірі ерсілік байқалғанын айтты.

«Осы Мадина өмірі ер-адамдардың арасында жүреді», «Түсінеміз, құрдас шығар, бірақ шіли кетпеу керек», «Дап-дардай әйел, ұялмай ма?», «Ер адам мен әйел адам доспыз дегенге сенбеймін», «Түк ерсі емес. Әзілдесіп ойнап күліп жүргенге не жетсін», «Керемет көз тимесін», «Әзілдері жарасып тұр әп-әдемі», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін әлдекім Сәкен Майғазиевтің әйеліне телефон шалып, күйеуі Мадина Сәдуақасовамен жүретінін айтқаны хабарланған болатын.