Доллардың ресми бағамы 501,49 теңге етіп белгіленді
Қазақстанның қор биржасында (KASE) күн сайынғы сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,69 теңгеге төмендеп, 499,22 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 28 ақпан күні доллардың ресми бағамын 501,49 теңге етіп белгіледі.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 498,88 теңгені, ал сату бағамы 501,46 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 497,22 теңгеден сатып алып, 503,23 теңгеден сатуда.