Президент жарлығы жарияланды
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президент жарлығы жарияланды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Агенттіктің бұрынғы төрағасы Жандос Нұрланұлы Шаймарданов президент жарлығымен қызметінен босатылды.
Әсет Арманұлы Ерғалиев 1986 жылғы 18 маусымда Қостанай қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.
Негізгі мамандығы — экономист. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. 2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік саясат экономикасы саласында бакалавр дәрежесімен, сондай-ақ халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен бітірген. 2009 жылы Ұлыбританиядағы Йорк университетін экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған. 2010 жылы Ұлыбританиядағы Ноттингем университетін бітіріп, экономикадағы философия магистрі дәрежесі берілді.